Әлем

Дәрігерлер қыздың мұрнындағы өсіп шыққан тісті алып тастады

Мұндай ауытқушылық әлем халқының 1-4%-да ғана кездеседі екен
Sputnik

АСТАНА, 24 мамыр – Sputnik. Ресейлік дәрігерлер науқастың мұрнында өсіп шыққан тісті алып тастау үшін операция жасады.

Бір құлағы бетінде орналасқан балаға алматылық кәсіпкер көмектеспек

РФ Тюмень облысы Ишим қаласының № 4 облыстық аурухана баспасөз қызметі хабарлағандай, мұндай оқиғалар әлемдік тәжірибеде өте сирек кездеседі екен. Алайда ишимдік дәрігерлер үшін бұл екінші жайт: бес жыл бұрын дәл осындай операция жасауға мәжбүр болыпты.

Бұл жолы бойжеткен мұрнының бітеліп қалғанына шағымданып келген. Гаймориттен емделіп, еш нәтиже шықпаған соң, дәрігерге көрініп, мұрнында тіс өсіп шыққанын біледі. Бұл жайтты рентген де растайды.

Операция бірнеше минутқа созылып, жергілікті анестезия ғана жасалды. Науқас ешқандай жайсыздық сезінген жоқ. Тісті алып тастаған соң, мұрнының бітелгені де басылды.

Медициналық дереккөздерде жазылғандай, тістің басқа жерде өсіп шығуы жер бетіндегі халықтың 1-4%-нда ғана кездеседі екен.