Өңірлер

Алматы облысында жолаушылар автобусы өртеніп кетті

Автобус салонында сегіз адам болған. Өрт салдарынан ешкім зардап шекпеді
Sputnik

АСТАНА, 23 мамыр — Sputnik.  Алматы — Астана трассасында Жезқазған — Алматы бағытында қатынайтын жолаушылар автобусы өртеніп кетті, деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.  

Ведомствоның мәліметінше, оқиға 22 мамыр күні сағат 22.00-де Алматы тасжолының 56-километрінде Чапаев ауылының маңында болған.

1 / 2
Алматы облысында жолаушылар автобусы өртенді
2 / 2
Алматы облысында жолаушылар автобусы өртенді
  

"Жезқазған — Алматы бағытында коммерциялық рейс орындайтын VANHOOL маркалы (м/н 979 TDA 09) автобус өртенді", — деп жазылған хабарламада.

Өрт сағат 23.10-да сөндірілді. Автобус салонында сегіз адам болған, олар өздері шыққан. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.