АСТАНА, 22 мамыр — Sputnik. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі банктерді қадағалау департаменті директорының орынбасары Дәурен Сәлімбаев айтқандай, реттеуші Астана банкіне шұғыл қарыз беруден бас тартты.
Бірақ Ұлттық банк қызметкерінің айтуынша, банкті тұрақтандыру мақсатында шаралар қарастырылып жатыр.
"Менің білуімше, Ұлттық банк қарыз беруден бас тартатыны туралы хабарлама жіберді. Банк өтемпаздығы бойынша бірқатар проблемаға ұшыраған. Ол былтырғы жылғы өтемпаздықты жылыстаудан туындап отыр. Қазір Ұлттық банк, менеджерлер және болашақ инвесторлар бірігіп осы мәселелерді талқылап жатыр", — деді Дәурен Сәлімбаев.
Астана банкі бас тартуға қатысты мәлімет туралы пікір білдірді.
"Сағат 18:00 кезіндегі (22.05.2018) ахуал бойынша банк қарыз беруден бас тарту туралы ресми жауап алған жоқ ", — деді Astana Banki.
Бұдан бөлек, банк болашақ стратегиялық инвесторлармен келіссөздер жүргізіп жатыр.