Оқиға

Дәрігерлер Астанада эскалаторға қысылып қалған 2 жасар қыздың жағдайы туралы айтты

Сәбидің екі саусағы сынған, қазір жағдайы бірқалыпты
Sputnik

АСТАНА, 22 мамыр — Sputnik. Астанада екі жасар қыз эскалаторға қысылып қалды, деп хабарлайды елорданың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Орталық базарда 22 мамыр күні эскалатор бұзылып, төтенше жайт орын алды.

"Жын ұрған" эскалатор адамды өлтіре жаздады – видео

"Оқиға орнына жеткен "жедел жәрдем" зардап шеккен балаға алғашқы көмек көрсетіп, №2 қалалық балалар ауруханасына шұғыл түрде жеткізді", — делінген хабарламада.

Қабылдау бөлімінде зардап шеккен сәбиді мамандар қарап шығып, екі қолына гипс салды.

Elorda Aqparat сайты хабарлағандай, Орталық базардан кішкентай баланың саусағын эскалатор қысып қалғаны туралы хабар түскен. Кейінірек белгілі болғандай, екі жасар қыздың қос білегіне зақым келіп, екі саусағы сынған.

"Сәбидің жағдайы қазір бірқалыпты, амбулаторлық жағдайда емделеді", — деп мәлімет берді басқармадағылар.

Айта кетейік, әлеуметтік желіде эскалаторға қысылып қалған баланы базарға келушілердің шығаруға тырысып жатқаны түсірілген видео жарияланды.