Қоғам

Тұрғындар Астанадағы дауылдың суреті мен видеосын жариялап жатыр

Дауыл бір сағат қана соқса да, елордаға айтарлықтай зардабын тигізіп үлгерген: құрылыс краны құлап, ғимараттың бір бөлігі опырылып түсті, "Пирамиданың" қасбеті бүлінді
Sputnik

АСТАНА, 22 мамыр — Sputnik. Астананың қонақтары мен тұрғындары қалада кенеттен соққан дауылдың салдарын видео және суретке түсіріп жариялап жатыр.

Синоптиктер ескерткендей, Астанадағы +23 градус жылы, жайма-шуақ ауа райы жаңбыр мен ала бұлтқа ұласуы тиіс болатын. Алайда елорда тұрғындарының ешқайсысы дауыл тұрып, бұршақ пен нөсер жауады деп ойламаған еді.

Алай-түлей дауылдың "құрбаны" Бейбітшілік және келісім сарайы болды. Ел арасында "Пирамида" деп аталатын әкімішілік ғимаратқа ненің зардап келтіргені әлі белгісіз, бірақ суреттерде анық байқалатындай, қасбетінің сыртқы әйнегі шағылып қалыпты.

Астанада дауылдан Бейбітшілік және келісім сарайы бүлінді

Министрліктер үйін топан су басқаны туралы әлеуметтік желі қолданушылары жарыса жазуда. 

"Астана әлемдік мұхитқа қосылды! Алақай, достар! Керемет теңіз…" – деп жазады Алексей Банцикин.

Куәгерлердің бірі ғимараттың бөлшегі опырылып түскенін смартфонына түсіріп алған екен.

Кадрларға қарағанда, табиғаттың алапат күші темір тұлпар иелерін шығынға ұшыратыпты: опырылып ұшқан конструкция көліктің төбесіне құлаған.

Сонымен бірге, мұнара кран да құлап қалды.