Саясат

Кобальт-2018: ҰҚШҰ-да құралайды көзге атқан мерген кім?

Қазақстан өкілдері жарысты ұйымдастырушы ретінде турнирге қатыспады
Sputnik

АСТАНА, 21 мамыр — Sputnik. Қазақстанда Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы елдері әскерилерінің арысында ату жарысы өткізілді, деп хабарлайды Қазақстанның Ұлттық ұланы баспасөз қызметі.

ҰҚШҰ "Әскери бауырластық -2017" оқу жаттығулары Қазақстанда өтеді

"Кобальт-2018" тактикалық-арнайы оқу-жаттығуына қатысушылардың арасында тапанша және мылтықпен ату жарыстары өткізілген.

Тапаншамен атудан жарыста бірінші орынды Ресей Федерациясы ұлттық гвардиясы Федералды қызмет офицері Б. Шобеков иеленді. Күміс жүлдені Беларусь Республикасы өкілі А. Юдин қанжығасына байлады. Ал үшінші орынды Қырғызстанның ішкі істер офицері М. Эшкараев алды.

Мылтықпен ату бойынша бірінші орынды Беларусь Республикасының әскери қызметкері М. Ходосевич, екінші орынды Ресей Федерациясы ұлттық гвардиясы Федералды қызмет арнайы орталығының сарбазы Р. Боков, үшінші орынды Ресей Федерациясы ІІМ офицері И. Утешев алған.

Жеңімпаздар кубок, мақтау қағазы және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

1 / 2
"Кобальт-2018" оқу-жаттығы аясында тапанша және мылтықпен атудан жарыс өткізілді
2 / 2
"Кобальт-2018" оқу-жаттығы аясында тапанша және мылтықпен атудан жарыс өткізілді