Қоғам

Мамандар фонтанға неге түсуге болмайтынын айтты

Фонтанға түскен кезде адам жарақат алып, түрлі ауру жұқтыру қаупі бар
Sputnik

АСТАНА, 21 мамыр — Sputnik. Астананың қоғамдық денсаулық сақтау департаменті фонтанға неліктен түсуге болмайтынын айтты.

Астанада фонтандар іске қосылды

"Мамыр айынан бері қалада фонтандар іске қосылды. Күн ыси бастаған соң, ересектер, әсіресе балалар, салқындап алу үшін фонтанға түскенді жөн көреді", — деп атап өтті департамент.

Алайда, ведомство ескерткендей, фонтанға түсуге тыйым салынған.

"Ол қаланы көріктендіру элементі болып саналады, ауаны ылғалдандырып, қаланың көркін ашу үшін салынған", — деп түсіндіреді ведомство.

Департамент атап өткендей, фонтанға түскен кезде адам жарақат алып, әртүрлі жұқпалы аурулар жұқтыруы мүмкін.