Қоғам

БАӘ қонақ үйінде уланған балалардың хәлі қандай?

Үш бала ауруханада ем алып жатыр, біреуі жақында үйіне оралады
Sputnik

АСТАНА, 21 мамыр — Sputnik. БАӘ-де демалып жүріп уланған балалар қалалық жұқпалы аурулар емханасында емделіп жатыр.

БАӘ-ге демалуға барған қазақстандық отбасы уланып қалды

"Қазір де ауруханаға жатқан бес баланың екеуі емделіп шыққан, тағы бір бала жақын арада үйіне оралады. Екі науқас ауруханада емделіп жатыр, жағдайлары бір қалыпты, асқынған жоқ", — деп мәлімет берді денсаулық сақтау басқармасы Sputnik Қазақстанға.

Ведомство атап өткендей, ересектер жұқпалы аурулар емханасына түспеген. 

Бұдан бұрын қазақстандықтар Шардж курорттық қаласындағы Sheraton қонақ үйінде улану жайттары туралы хабарлады. ҚР сыртқы істер министрлігі атап өткендей, уланған азаматтар сақтандыру компаниясы есебінен емделген, қазір қонақ үйді немесе БАӘ-ге сапарды ұйымдастырған операторды сотқа беру қарастырылып жатыр.