Өңірлер

Ақтөбеде Рамазан айында кәсіпкерлер арақ сатудан бас тартып жатыр

Кәсіпкерлердің айтуынша, бұл қасиетті айға деген құрмет болмақ
Sputnik

АСТАНА, 21 мамыр — Sputnik. Ақтөбелік кәсіпкерлер Рамазан айында арақ саудасынан бас тартып жатыр, деп жазады aktobenews.kz. 

Мұғалжар ауданының кәсіпкері Рамазан айындағы саудасын арақсыз өткізіп жатыр. Ораза айына деген құрметін жеткізгісі келген кәсіпкер азамат келер жылы да осы үрдіс жалғасатынын айтты.

Қандыағаш қаласындағы бірқатар дүкендерде Рамазан айы бойы ішімдік сатылмайды. Бұл қасиетті айға деген құрмет болмақ. Дүкен иесінің айтуынша, келер жылғы Рамазан айларында да мүлдем ішімдік сатылмайтын болады.