Спорт

Месси бесінші рет "Алтын бутсы" иегері атанды

Аргентиналық футболшы 2010, 2012, 2013 және 2017 жылдары Еуропа чемпионатының үздік сұрмергені атанған болатын
Sputnik

АСТАНА, 21 мамыр – Sputnik. "Барселона" шабуылшысы Лионель Месси 2017/18 маусымның "Алтын бутсиін" жеңіп алды, деп хабарлады prosports.kz. 

Лионель Месси бала күнгі құрбысына үйленді

Аргентиналық футболшы Испания чемпионатында 36 матчта 34 гол соқты. Месси 68 ұпай жинап, "Ливерпуль" шабуылшысы Мохамед Салахтан (АПЛ 36 матчында 32 гол) төрт ұпайға басып озды. Үшінші орынды Гарри Кейн (АПЛ 37 матчында 30 гол) иемденді.

Бұрын, Месси тиісінше 2010, 2012, 2013 және 2017 жылдары Еуропа чемпионатының үздік сұрмергені атанған болатын.

1. Лионель Месси — 34 гол (68 ұпай);

2. Мохаммед Салах — 32 (64); 

3. Харри Кейн — 30 (60);

4-6. Роберт Левандовски — 29 (58);

4-6. Чиро Иммобиле — 29 (58);

4-6. Мауро Икарди — 29 (58);