АСТАНА, 21 мамыр — Sputnik. Қазақстан ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев Алматыда ресейлік аса қауіпті қылмыскер ұсталғанын хабарлады.
"Алматыда қалалық ІІД криминальдық полиция қызметкерлері Мәскеу облысы аумағында кісі өлтіргені үшін мемлекетаралық іздеуде жүрген Ресей Федерациясының азаматын ұстады", — деді Алмас Сәдубаев.
Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдың қаңтарында Алматы облысында жергілікті тұрғынды өлтірді деген күдікпен Қазақстан аумағында заңсыз жүрген 35 жастағы Ресей азаматы ұсталған болатын.