АСТАНА, 21 мамыр — Sputnik. АҚШ-тың Солтүстік Каролина штатында жүргізуші көлігімен мейрамхана ғимаратына бұзып кірді, екі адам қаза тауып, тағы екеуі жарақат алды.
Gaston Gazette басылымы хабарлағандай, оқиға өткен жексенбі күні Бессемер Сити қаласындағы мейрамханалардың бірінше жергілікті уақыт бойынша сағат 12.00 шамасында (Астана уақытымен 22.00) болған. Куәгерлердің айтуынша, отбасы мейрамханаға түскі ас ішуге кірген, біраз уақыттан кейін отағасы орнынан тұрып, мейрамханадан шығып кеткен, ол сыртта тұрған көлігіне отырып, мейрамхананың ғимаратына соғылған, деп жазды БАҚ.
Басылымның мәліметінше, оқиға салдарынан күдіктінің қызы және отбасы мүшелерінің бірі қаза болды. Қазіргі таңда полиция оқиғаның себебін анықтап жатыр.