Өңірлер

Көкшетауда сауда үйінде өрт шықты

35 адам қауіпсіз жерге көшірілді, ешкім зардап шеккен жоқ
Sputnik

АСТАНА, 20 мамыр — Sputnik. Көкшетауда "Триумф" сауда үйінде өрт шықты, ақпаратты төтенше жағдайлар комитеті растады. 

"20 мамырда сағат 12.35-те Көкшетауда Әбілқасымов көшесіндегі "Триумф" екі қабатты сауда үйінің шатырында өрт шықты. Өрт  сағат 13.05-те ауыздықталып, 13.22-те толық сөндірілді. Өрт салдарынан ғимараттың сыртқы жағына зардап келді", — деп хабарлады төтенше жағдайлар комитеті. 

Өрттің аумағы 400 шаршы метрді құрады. 35 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Зардап шеккендер жоқ. 

Өртті сөндіруге төтенше жағдайлар комитетінің 45 қызметкері мен тоғыз техника жұмылдырылды. 

1 / 4
Көкшетауда "Триумф" сауда үйінде өрт шықты
2 / 4
Көкшетауда "Триумф" сауда үйінде өрт шықты
3 / 4
Көкшетауда "Триумф" сауда үйінде өрт шықты
4 / 4
Көкшетауда "Триумф" сауда үйінде өрт шықты