АСТАНА, 20 мамыр — Sputnik. Талдықорғанда доңғалақ жөндеу шеберханасы мен шина қоймасынан өрт шықты, деп хабарлады Қазақстан ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.
"20 мамыр күні таңғы сағат 10:00-де Талдықорғанда доңғалақ жөндеу шеберханасы мен шина сақтау қоймасынан өрт шықты, алдын ала мәлімет бойынша жалын 150 шаршы метр аумаққа шарпыған", — деп жазылған хабарламада.
Ақпаратқа сәйкес, оқиға орнында 25 өрт сөндіруші мен 6 мамандандырылған өрт техникасы жұмыс істеп жатыр.