АСТАНА, 20 мамыр — Sputnik. Қазақстандық актриса Самал Еслямова ресейлік режиссер Сергей Дворцевойдың "Айка" фильміндегі үздік әйел рөлі үшін Канн кинофестивалінде жүлде алды.
"Бұл менің өмірімдегі өте үлкен оқиға. Сергей (Дворцевой), барлығы үшін саған көп рахмет!", — деді Еслямова марапатты алып жатып.
РИА Новости агенттігі хабарлағандай, "Айка" кинокартинасы — режиссер алты жыл бойы түсірген әлеуметтік драма.
Фильмде Мәскеуге жұмыс істеуге келген қырғыз эмигрантының ауыр тағдыры көрсетіледі.
Канн фестивалі Францияның Көкшіл жағалауында 8-19 мамыр аралығында өтті.