Қоғам

Асқар Мамин Қазақстан географиялық қоғамының басшысы болып сайланды

Қоғам съезінде Qazaq Geography төрағасы туралы қаулы қабылданған
Sputnik

АСТАНА, 19 мамыр — Sputnik. Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин "Қазақстан ұлттық географиялық қоғамы" Qazaq Geography республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы болып сайланды.

Төраға лауазымы сенбі күні кезектен тыс съезде бектіліп, төраға туралы қаулы қабылданды және Qazaq Geography жарғысына тиісті түзетулер енгізілген.

Съезке қатысушылар қоғам дамуының басқа да өзекті мәселелерін талқылады.