АСТАНА, 19 мамыр — Sputnik. Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Тек солтүстік батысында, солтүстік шығысында, шығыста және оңтүстікте атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай болады. Кей жерде жел күшейіп, тұман түседі.
Түнде Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерінде, күндіз Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Жамбыл облысының кей жерінде тұман болады.
Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман түседі, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің 15-20 м/с-ке дейін жетеді.