Қоғам

Қостанай облысы Астананың 20 жылдығына не сыйлайды?

Қостанай облысы бірнеше өңірмен қосылып, елордаға велосипед жолын тарту етеді
Sputnik

АСТАНА, 18 мамыр — Sputnik. Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов өңір атынан елордаға қандай сый жасалғалы жатқанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қостанай облысының әкімі қандай мамандардан тапшылық көріп отырғанын айтты

"Біз бірнеше облыспен бірігіп, велосипед жолын салып жатырмыз. Оған бюджеттің де, демеушілердің қаражаты жұмсалады. Мәселен, жолдың өзі бюджет ақшасына салынса, шағын сәулеттік мүсіндерге демеушілік қаржы тартылады. Яғни әртүрлі көздерден. Біздің міндетіміз – веложолды сапалы әрі уақытында салып бітіру", — деді Мұхамбетов ОКҚ-де "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру тақырыбында өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетсек, биыл Қазақстан елорданың 20 жылдық мерейтойын атап өтеді. Жыл бойы Астанада түрлі мәдени-спорттық шаралар ұйымдастырылып, шетелден қонақтар келеді. Астананың 20 жылдық мерейтойын тойлау үшін республикалық бюджеттен 19 миллиард теңге бөлінбек. Бұған қоса, еліміздің әр облысы елордаға сый жасайды.