Әлем

Оразаның алғашқы түнінде мешіт өртенді – куәгердің видеосы

Қызыл жалын мешіттің аумағы 1 300 шаршы метр болатын шатыры мен жиһаздарын күл-талқан етті
Sputnik

АСТАНА, 18 мамыр — Sputnik. Рамазан айының алғашқы түнінде Бішкек қаласының Баялинов көшесінде орналасқан мешіттен өрт шықты, деп хабарлады Sputnik Қырғызстан тілшісіне оқиға куәгері. Ол редакцияға видео жіберген.  

Өрт 18 мамыр күні шамамен сағат бірдің кезінде шыққан.

Қырғызстан ТЖМ ақпаратты растады. Мешіттің 1 300 шаршы метр болатын шатыры мен бөлмелердегі жиһаздары жанып кеткен. Зардап шеккендер жоқ.    

Өрттің шығуына электр жабдығын техникалық пайдалану ережесінің бұзылуы себеп болған.