Экономика

Қазақстанда ұялы байланыс қымбаттады

Екі ірі ұялы байланыс операторы абоненттерге қызмет көрсетулердің қымбаттайтыны туралы мәлімдеді
Sputnik

АСТАНА, 18 мамыр — Sputnik. Қазақстанда ұялы байланыс айтарлықтай қымбаттады, сонымен бірге бес жылдан бері төмендеп кеткен елдегі ұялы байланыс операторларының қызмет көрсету көлемі артты.

Төрт ай ішінде операторлар 73,1 миллиард теңгеге қызмет көрсеткен, бұл былтырғы жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 4,3 пайызға көп. Оның 71%-ға жуығы – халыққа көрсетілген қызмет, жалпы сома 51,8 миллиард теңге. Бұл былтырғы көрсеткіштен 2,8 пайызға артық.

"Көздегі интернет, сөйлейтін чип". Алдағы 30 жылда не болады?

2013-2017 жылдар аралығында сегментте құлдырау байқалады, деп жазады Ranking.

Сарапшылардың сөзіне сүйенсек, қызмет көрсетулер көлемі абоненттер санының артуы мен бағаның қымбаттауы салдарынан көбейіп отыр.

Биыл көктемде ірі үш байланыс операторының екеуі — Tele-2 мен Beeline — қызмет көрсету тарифтерін 10 пайыздан аса көтерді.

"Абоненттерге қызмет көрсетудің қымбаттайтыны айтылды. Абоненттік төлем қымбаттап, ұялы интернет-пакеттің ұлғайғандығы да хабарланды. Бұрынғы трафик көлемін сақтап қалғысы келсе де, қазақстандықтарда таңдау болмады", — дейді сарапшылар.

Биыл сәуірде Қазақстанда 26 миллион ұялы байланыс абоненті тіркелген. 50%-дан астамы интернет пайдаланады. 100 қазақстандыққа шаққанда 146 sim-картадан келеді.