Өңірлер

Павлодарда науқас баланың еміне жиналған ақша ұрланды

Қайырымдылық жәшігін 20 және 45 жастағы екі ер адам ұрлап кеткен
Sputnik

АСТАНА, 18 мамыр – Sputnik. Павлодарлық полицейлер баланың еміне ақша жинау үшін қойылған жәшікті ұрлаған күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды pavon.kz.

Мешітте кәсіпкердің 40 мың доллары ұрланды

Павлодардағы дүкендердің бірінде қайырымдылық жәшігі ұрланды. Жәшікті қойған 27 жастағы келіншек полицияға арызбен жүгінген. Айтуынша, ота жасалған кішкентай ұлына оңалтуға көп ақша қажет екен. Қайырымдылық жәшігін қаладағы дүкендердің біріне осы мақсатпен қойыпты. 

"Күдіктілердің жәшікті ұрлаған сәті дүкендегі бейнебақылау камерасына түсіп қалды. Жазбадағы кадрдан ер адамдардың бірі капюшон киіп, ақша салынған жәшікті алып, қашып бара жатқаны көрінеді", — деп мәлімдеді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Іздеу барысында 20 және 45 жастағы екі ер адам ұсталды. Аталған фактіге қатысты "ұрлық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.