Өңірлер

Алматыда үш жаңа жолайрық салынады

Биыл қаланың барлық ауданында 150-ден астам көше жөнделіп, 600 аула қайта жаңарады
Sputnik

АСТАНА, 17 мамыр – Sputnik. Алматының кіші көлік айналма жолында жаңа жолайрықтар салынады, деп хабарлады Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.  

Жұмыс сапары барысында Алматы әкімі Бауыржан Байбек үш жаңа көлік жолайрығының құрылысын тексерді.

Алматыда жол апаты жиі болатын көшелер анықталды

Назарбаев даңғылын Жансүгіров көшесіне дейін үңгілеу "Солтүстік – Оңтүстік" бағытында Сейфуллин даңғылы бойынша көлік жүктемесін едәуір азайтады. Қазіргі кезде мұнда эстакада қабырғаларын монтаждау және нысанның тіректерін жасау жұмыстары жүріп жатыр. Осы учаскеде көлік қозғалысын белгіленген мерзімнен екі ай бұрын, яғни қазан айында ашу жоспарланған.

Өз кезегінде Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшесі бойына жолайрық салу көлік қозғалысы легін 20%-ға арттырады. Құрылысты аяқтау 2019 жылдың төртінші тоқсанына жоспарланған.

1 / 2
Сейфуллин мен Жансүгіров көшелерінің қиылысындағы жолайрық (макет)
2 / 2
Рысқұлов даңғылы мен Құлжа трактісінің қиылысында салынып жатқан жолайрық

Рысқұлов даңғылы мен Құлжа трактісінің қиылысында да жаңа жолайрық салынуда, бұл солтүстік-шығыс бағыттағы кіші көлік айналымының көлік өткізу қабілетін арттырады. Қазіргі кезде мұнда эстакада тіреуінің астына өндіріс қондырғылары орнатылуда және инженерлік желілер қайта ауыстырылып жатыр. Рысқұлов даңғылы мен Емцов көшесі бойына да жаңа жолайрығы бой көтеруде.

Алматыда Батырхан Шүкенов көшесі пайда болуы мүмкін

Наурызбай ауданын орталықпен қосу үшін Шаляпин және Жандосов көшелеріне басымдылық берілуде, Абай даңғылын Әшімов көшесінен қала шекрасына дейін үңгілеу жалғасып жатыр.

Айта кетерлігі, биылғы жылы мегаполисте бұрын қайта жасалған Панфилов, Жібек Жолы, Гоголь, Қабанбай батыр, Байсейітова,Төлебаев көшелері мен "Астана" алаңынан өзге мегаполистің бірқатар негізгі даңғылдары жаңарады. Қаланың барлық ауданында 150-ден астам көше жөнделіп, 600 аула қайта жаңарады.