Спорт

Белгілі бапкер Головкиннің деңгейі төмендегенін айтты

Алекс Азиздің пікірінше, боксшының спорттық карьерасындағы соңғы жылдарда тәжірибелі әрі білімді команда қажет
Sputnik

АСТАНА, 17 мамыр — Sputnik. WBC тұжырымы бойынша екінші орта салмақта  әлем чемпионы америкалық Давид Бенавидестің бапкері Алекс Азиз Головкиннің деңгейі төмендегенін айтты, деп жазды prosports.kz.

Сарапшы Головкин мен "Канелоның" күшін салыстырды

Алекс Азиздің пікірінше, Головкин бұрынғыдай мықты емес, оған тәжірибелі әрі білімді команда керек.

"Головкин бұрынғыдай мықты емес. Ол көп соққы жібереді, бұл жаттығудың көрсеткіші. Абель Санчес ескі мектептің бапкері, бірақ ғалым емес. Головкин дәл Мэнни Пакьяо секілді құбылып жатыр. Боксшының спорттық карьерасындағы соңғы жылдарда тәжірибелі әрі білімді команда қажет, – дейді Азиз.