Өңірлер

Шымкентте әйелімен сөзге келіп қалған отағасы жантүршігерлік қылмысқа барды

Шымкентте 63 жастағы зейнеткер әйелін пышақтап өлтірді
Sputnik

АСТАНА, 17 мамыр — Sputnik. Отбасындағы жанжал қанды оқиғамен аяқталды. Шымкентте "Күншығыс" шағын ауданындағы көпқабатты үйдің біріндегі пәтерде тұратын отағасы әйелін пышақтап өлтірді.

Қостанай тұрғыны тілін алмаған жасөспірім қызын пышақтап тастады

Қанды оқиға 11 мамыр түнгі уақытта болған. Ерлі-зайыптылар сөзге келісе алмай, отағасы әйелін үшінші қабаттың баспалдағында кеудесінен бірнеше рет пышақтаған. Күдікті деп танылған ер адам бірден қамауға алынды, деп жазады otyrar.kz.

"16.05.1955 жылы туған азамат қамауға алынды. Ол асхана пышағымен әйелінің кеуде тұсына 4 рет пышақ сұққан. Еңбекші аудандық сотының шешімімен әйелін пышақтап өлтірді деген күдікті екі айға уақытша қамауға алынды", — деді Еңбекші аудандық сотының судьясы Қайрат Ізбасаров. 

Айта кетейік, Шымкент тұрғынының үстінен ҚР ҚК-ның 99-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.