Фото

Рамазан айы басталды: Астана мешіттерінің айшықты суреттері

Sputnik

Бұл үйде адам Жаратушымен тілдеседі. Араб тілінен аударғанда "masdzid", яғни "мешіт" дұғалар үйі дегенді білдіреді. 

Қасиетті Рамазан айының алғашқы күні Sputnik Қазақстан Астананың 12 мешіті туралы фотолента ұсынады.

1 / 9
Астанадан Қарағандыға шығар жолда орналасқан Төлеубай мешіті.
2 / 9
Әлжан Ана мешіті. Жеке кәсіпкер Кеңес Рақышевтың бастауымен 2014 жылы салынған.
3 / 9
Пригород ауылының "Әлжан Ана" мешітінің алтынмен қапталған бас күмбезінің биіктігі 25 метр.
4 / 9
"Әл-Ғани" мешіті Астанадағы Шұбар шағын ауданында орналасқан. Мешіт 2006 жылдың 7 шілдесінде ресми ашылды.
5 / 9
Қасиетті Рамазан айы қарсаңында ашылған жаңа мешіттің өз ерекшелігі бар, стилі Қазақстандағы басқа мешіттерге ұқсамайды.
6 / 9
Артем базары жанында орналасқан "Садуақас қажы Ғилмани" мешіті қаладағы көне құрылыстардың бірі болып саналады.
7 / 9
"Шейх Күнта қажы» мешіті "Вайнах диаспорасы өкілдерінің көмегімен салынып, 2011 жылғы 21 мамырда пайдалануға берілді.
8 / 9
"Нұр Астана" мешіті Қатар мемлекетінің Әмірі шейх Хамад бин Халифа әл-Тәнидің қайтарымсыз сый ретінде бөлген қаржысына тұрғызылды.
9 / 9
"Әзірет Сұлтан" мешіті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2009 маусым айында салына бастап, 2012 жылдың 6 шілде күні салтанатты түрде ашылуы өтті.