Қоғам

Астанада автобустардың бағыты өзгереді

Қалада 9 бағдардың қозғалысы уақытша өзгереді
Sputnik

АСТАНА, 16 мамыр — Sputnik. 18-20 мамыр аралығында триатлоннан жарыс өтуіне байланысты автобус бағдарларының бағыты уақытша өзгереді, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты

Астанада қауырт мезгілде жүк көліктері жүрісіне шектеу қойылады

Астана қаласында 2018 жылдың 18-20 мамыр аралығында триатлоннан "World Cup Astana 2018" Әлем Кубогі өткізілуіне байланысты Б. Момышұлы даңғылы, Р. Қошқарбаев даңғылы, Амман көшелерінде көлік құралдарының қозғалысы шектеледі:

18 мамыр, сағат 15:00-16:00 аралығы дайындық;

19 мамыр, сағат 10:00-16:00 аралығы Elite санатында жарыс;

20 мамыр, сағат 10:00-16:00 аралығы Age Group санатында жарыс.

Осыған байланысты қалалық 9 бағдардың жүріс сызбаларына ішінара өзгерістер енгізіледі: толығырақ мына жерде танысуға болады.