Өңірлер

Жазға екі апта қалғанда Қазақстанда қар жауады

17-19 мамырға арналған ауа-райы болжамы
Sputnik

АСТАНА, 16 мамыр — Sputnik. Жазға екі апта қалғанда еліміздің кейбір өңірінде жабысқақ қар жауады. Синоптиктер республиканың солтүстігі мен орталығында суық сақталатынын ескертеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Республиканың солтүстік, орталық және шығыс аудандарына Батыс Сібірден арктикалық суық фронт жылжып келеді. Оның ықпалынан күн суытып, жауын-шашын болады. Кей жерлерде жаңбыр соңы жабысқақ қарға ұласады. Ауа температурасы нормадан 2-4 градусқа төмен болады деп болжанады", — деп хабарлады Қазгидромет.

Ал Қазақстанның батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығысында ауа-райын төменгі атмосфералық қысым өрісі анықтайтын болады. Бұл өңірлердің кейбір жерінде өткінші жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды.

Батыста ауа температурасы климаттық нормадан жоғары, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста нормаға жуық болады.