АСТАНА, 15 мамыр — Sputnik. Алматы көшелерінің біріне қазақ әншісі Батырхан Шүкеновтың есімін беру туралы ұсыныс жасалды.
Дәлірек айтсақ, Бостандық ауданы "Алатау" шағын ауданындағы Наурыз көшесі атауын өзгертуі мүмкін.
Шүкеновтің есімін мәңгі тарихта қалдыру туралы бұл идея мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму бойынша тұрақты комиссиясы отырысында айтылды, деп жазады "Вечерний Алматы".
Батырхан Шүкенов 2015 жылы 29 сәуірде 53 жасында Мәскеуде қайтыс болды. Шығармашылық жолын Роза Рымбаевамен бірге саксофонист ретінде бастаған Батыр 1988 жылы "А'Студио" тобын құрды. Ал 2000 жылдан бастап жеке ән айта бастады.