"БҰҰ мен Сирия делегациясының кездесуі өтіп жатыр, ал қаруланған оппозиция бұл кезде ресейліктермен, әскери сарапшылармен келіссөз жүргізуде. Олар талқылап жатқан басты мәселе – тұтқындар, қаза тапқандардың денесін өткізу және гуманитарлық мәселелер. Осы басты проблемалар талқыланып жатыр", — деп мәлімет берді Тұматов
Оның айтуынша, Астаналық процестің тараптары бұл кездесуден үлкен үміт күтеді, өйткені қазақстандық алаңқайда талқыланып жатқан мәселелер "ең өзекті" болып саналады.
Түстен кейін Сириядағы ахуалды реттеудің барлық тарабының жалпы отырыс болып, қатысушылар ортақ үндеу жасайды.