Өңірлер

Шығыс Қазақстанда жер сілкінді

Жер асты дүмпулері Шығыс Қазақстан облысындағы Үржар ауылынан 79 километр жерде тіркелді
Sputnik

АСТАНА, 15 мамыр — Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында жер сілкінді. 

Алматыдан 297 километр жерде жер сілкінді

Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметінше, 4,3 магнитудалы жер сілкінісі 15 мамыр күні сағат 07:25-те Үржар ауылынан 79 километр және Өскемен қаласынан 257 километр жерде болды.  

Зілзала ошағы 20 километр тереңдікте жатты.  

Сонымен қатар, Қазақстан сейсмикалық станциялар желісінің мәліметінше, Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 637 километр жерде 5,1 магнитудалы жер сілкінісі болған, ол Қазақстанда сезілген жоқ.