Саясат

Сирия үкіметінің делегация басшысы "Астана-9" кездесуі туралы айтты

Барлық тараптың қатысуымен 15 мамырда өтетін жалпы отырыста коммюнике қабылданады
Sputnik

АСТАНА, 14 мамыр — Sputnik. Сирия үкіметі делегациясын бастап келген Башар Джафари "Астана-9" кездесу барысында тараптар нені талқылағанын айтты.

Сириядағы ахуалды реттеу бойынша келіссөздердің 9-раунды елордамызда дүйсенбіде басталды.

"Біз күн тәртібін талқылап, Астаналық келісімнің қағидаларын қалай жүзеге асыратынымызды қарастырдық. Әңгіме Сириядағы терроризммен күресті жалғастыру туралы. Ертең барлық тарап келіссөздердің осы раундын қорытындылап, ақтық коммюнике қабылдайды. Жағымды нәтижелерге қол жеткіземіз деп үміттенеміз", — БҰҰ-дағы Сирияның тұрақты өкілі Башар Джафари тілшілерге.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстанның СІМ мәліметі бойынша АҚШ делегациясы "Астана-9" кездесуіне қатысудан бас тартқан болатын.

Астана процесінің кезекті кезеңі жабық өтіп жатыр

"Біз үшін америкалық әскерилердің болуы – агрессия және оккупация. Біз БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне ресми хат жолдадық. Сирияда кез келген шетелдік қарулы күштердің болуы — агрессия", — деп жауап берді  Джафари Сириядағы АҚШ-тың әрекеті туралы сұраққа.

14 мамырда Сирия бойынша Астаналық процестің аясында кепіл елдердің қатысуымен екі жақты және үш жақты келіссөздер жабық режимде басталды.

Сирияның қаруланған оппозиция өкілдері 15 мамырға қараған түні келмек.