Оқиға

Алматы облысында полицейді атып кетті

Есік қаласында полицейді өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды
Sputnik

АСТАНА, 14 мамыр — Sputnik. Есік қаласындағы ауруханаға оқ жарақатымен үш адам жатқызылып, екеуі көз жұмды, олардың бірі полицей болған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Теміртау тұрғыны бір топ жігітке оқ жаудырды

Алматы облысы Есік қаласындағы атыс туралы ақпарат Желіде жұма күні таңертең пайда болған. Оқиға мамырдың 7-сінен 8-іне қараған түні болыпты, ал 31 жастағы полицей үш күннен соң ауруханада жан тапсырған.

Алматы облысы полиция баспасөз қызметі полицейдің қаза тапқаны туралы деректі растап, оқиғаның қызметтік емес уақытта болғанын хабарлады.

Қазір күдікті ұсталып, қамауға алынған. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.