Мәдениет

Белгілі продюсер "Евровидение-2018" жеңімпазына қатысты пікір білдірді

Израиль әншісі Нетта Барзилай алпыс үшінші рет өткізіліп отырған халықаралық еуропалық әндер байқауының жеңімпазы атанған. Toy ("Ойыншық") композициясының арқасында орындаушы 529 балл жинап, бірінші орын иеленді.
Sputnik

Жеңімпаз байқауға қатысуын өз-өзімен күрес деп біледі. Әнші Евровидение конкурсын еліне алып келгенін мақтан тұтады. 

Ресейлік продюсер Иосиф Пригожин Sputnik радиосына "Евровидение-2018" халықаралық әндер байқауынан алған әсерін айтып, жеңімпазға қатысты пікір білдірді.

Пригожин о победителе Евровидения: миру нужен был позитив

"Ұзақ уақыт бойы көш бастап тұрды, оған 12 баллдан берсе де, SMS-дауыс берудің арқасында бірінші орынға шықты. Ол бұл жеңіске лайық. Жайдары, көңілді, бойында қуаты тасып тұр. Әлем де, "Евровидение" де қайғы-мұңнан, әсем дауыспен сызылтып ән салатын әдемі әншілерден жалықты. Қазір сахнада экшн керек, ал бұл қыз оны көрсете алды", — дейді Пригожин.

Продюсер конкурстың кемшіліктерін де атап өтті.

Толығырақ аудиофайлдан тыңдай аласыздар.