Өңірлер

Құтқарушылар Алматыда толассыз жауған жаңбырдың салдары туралы айтты

Бітеліп қалған арықтар мен толассыз жауған жаңбыр салдарынан қаланы су басты
Sputnik

АСТАНА, 14 мамыр — Sputnik. Алматыда толассыз жауған жаңбыр салдарынан 12-14 мамыр аралығында 24 су басу жайты тіркелді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Алматы қаласы төтенше жағдайлар жөніндегі департамент басшысының орынбасары Ерлан Әлибековтің сөзіне сүйенсек, қалада ғимараттар мен басқа да құрылыстар бұзылмаған.

"Бес жеке тұрғын үй, екі көппәтерлі үйдің жертөлесі, сегіз жеке тұрғын үйдің ауласы мен тоғыз қала көшесін су басты. Біздің қызмет барлық жерде су басу салдарын жойды", — деді Әлибеков жергілікті коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

1 / 4
Су басуға арықтардың бітеліп қалуы себеп болған
2 / 4
Су басуға арықтардың бітеліп қалуы себеп болған
3 / 4
Су басуға арықтардың бітеліп қалуы себеп болған
4 / 4
Су басуға арықтардың бітеліп қалуы себеп болған

15 жағдайда су басуға арықтардың бітеліп қалуы себеп болған, 9 жайтта жауған жаңбыр суы арық арнасынан асып кетіпті. Су басу салдарымен күресуге 70 адам қатысты

Қазгидромет мәліметінше, 15-16 мамырда жауын-шашын болмайды, ал 17-18 мамырда жаңбыр жауады.