Қоғам

Атамқұлов: интернеттің бұғатталуына қатысымыз жоқ

Қорғаныс министрлігі ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен айналысады
Sputnik

АСТАНА, 14 мамыр – Sputnik. Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов Қазақстанда интернеттің ара-тұра бұғатталуына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министр Атамқұлов Нығматулинге жауап беремін деп депутаттарды күлдірді

"Бұл менің салама жатпайды. Менің бағытым емес, сондықтан білмеймін тіпті. Шынымды айтсам, интернетті мен де пайдаланамын", — деді ол. 

Атамқұлов өзі басқаратын ведомствоның серверлердің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететінін атап өтті. 

"Біздің бағытымыз мүлде бөлек. Біз бүгінде KazSat, KazSat-2 және KazSat-3 спутниктерінің қызметін ұсынамыз. Қазіргі таңда біздің спутниктер жерүсті байланыс жоқ учаскелерді қамтамасыз ете алады. Сондықтан, бұл тұста біздің сервистік қызметтер ұсынылады. Ал интернеттің бұғатталуына біздің қатысымыз жоқ", — деді ведомство басшысы.