Өңірлер

Алматы облысында кәсіпкерге ауылдасы оқ атты

Полицейлер күдіктіні бірнеше сағаттың ішінде ұстап, қаруды тәркіледі
Sputnik

АСТАНА, 14 мамыр — Sputnik.  Алматы облысында ауыл тұрғыны өзара алауыздықтың салдарынан кәсіпкерді аңшы мылтығымен жарақаттады, деп хабарлады өңірдегі ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. 

Оралда ата-анасын күйеуі атып кеткен әйел оқиғаның қалай болғанын айтты

Оқиға Райымбек ауданында болды, 12 мамыр күні Қақпақ ауылындағы орталық аудандық ауруханаға 40 жастағы жергілікті тұрғын оқ жарақатымен жатқызылған.  

Полицейлер белгісіз біреу екі рет оқ атқанын анықтады, оның бірі ер адамды жарақаттаған.  

"Оқ атқан күдікті бірнеше сағаттың ішінде анықталып, ұсталды. Ол кәсіпкердің ауылдасы болып шықты, бұрын араларында жанжал болған. Оқ атылған аңшы қаруы тәркіленді", — деп хабарлады облыстық полицияның баспасөз қызметі.

Кісі өлтіруге оқталу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті қамауға алынды.