Саясат

Астана процесінің кезекті кезеңі жабық өтіп жатыр

Сирия үкіметінің делегациясын Башар Джаафари бастап келді
Sputnik

АСТАНА, 14 мамыр – Sputnik. Елордада Сириядағы жағдайды реттеуге байланысты Астана процесінің кезекті кезеңі басталды, деп хабарлады 24.kz.

Сирия әуе базасына шабуыл жасалды

Келіссөздер жабық жағдайда өтіп жатыр. Мәлім болғаны, Сирия үкіметінің делегациясын Башар Джаафари бастап келді. Сол сияқты Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілдерді де қатысып жатыр. 

Ал ұйым бас хатшысының Сирия мәселесіне жауапты арнайы өкілі Стаффан ди Мастура Астанаға бүгін түнде келуі тиіс.

Сирия келіссөздерінің тоғызыншы кезеңіне Америка Құрама Штаттары қатыспайтыны белгілі болды. Ақпаратты ҚР сыртқы істер министрлігі растады.