Әлем

Малайзияның экс-премьеріне шетелге шығуға тыйым салынды

2015 жылы, яғни Наджиб билікте болған тұста алаяқтық әрекеттер жасалғаны белгілі болған
Sputnik

АСТАНА, 14 мамыр — Sputnik. Малайзияның бұрынғы премьер-министрі Наджиб Разактың шет елге шығуына тыйым салынды. Үкіметтің жаңа басшысы Махатхир Мохамад солай шешіпті. 

Назарбаев 92 жастағы Малайзия премьерін сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Өзінің айтуынша, мемлекеттік қорға қатысты туындаған әлгі бір дау қайта тексеріледі. Өйткені алаяқтық әрекеттер 2015 жылы, яғни Наджиб билікте болған тұста жасалған, деп хабарлады 24.kz. 

Айтпақшы, Наджиб Разак фейсбук әлеуметтік парақшасында отбасымен шетелге демалуға кететінін жазған еді. 

Айта кетейік, 9 мамыр күні Малайзияда өткен парламент сайлауында оппозициялық коалция жеңіске жетті. Оның жетекшісі Махатхир Мохамад 1981 жылдан 2003 жылға дейін елдің премьер-министрі болған. Араға 15 жыл салып, билікке қайта оралды. 

"Наджибтің үстінен түскен шағым көп. Мұның бәрі тексеруді қажет етеді. Тіпті кейбірінде дәлелдер келтірілген. Сондықтан жедел әрекет етуді жөн санадық. Егер басқа мемлекетке өтіп кетсе экстрадициялау мәселесімен бас қатыруға тура келеді. Кез келген шешім дәлелдерге негізделетін болады", — деді Малайзияның премьер-министрі Махатхир Мохамад.