Оқиға

Алматы облысында бір үйдің екі баласы каналға батып кетті

Үлкендердің қарауынсыз қалған балалар каналдың жанында ойнап жүріп, суға құлап түскен
Sputnik

АСТАНА, 14 мамыр — Sputnik. Алматы облысында Бабақты ауылының шетіндегі каналға бір үйдің екі баласы батып кетті.

Бір жарым жасар сәби кір жуғыш машинадағы суға батып өлді

Төтенше жағдайлар комитетінің мәліметінше, трагедия жексенбі күні күндіз болған.

2014 жылы туған екі бала үлкендердің қарауынсыз ойнап жүріп, абайсызда суарма каналға құлап кеткен.

Атырау облысының Құлсары қаласында да қайғылы оқиға болды.

Жем өзеніне 11-сынып оқушысы батып өлді, ол рұқсат етілмеген жерде шомылған.