Оқиға

Астанада үш жасар бала 16-қабаттан құлап кетті

Қайғылы оқиға Иманов көшесіндегі тұрғын үйде болған
Sputnik

АСТАНА, 13 мамыр – Sputnik. Астанада үш жасар бүлдіршін 16-қабаттан құлап көз жұмды. Ақпаратты ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Атырауда 13 жасар қыз үшінші қабаттан құлап кетті

Қайғылы оқиға бүгін сағат 12:12-де Иманов көшесіндегі "Рахат" тұрғын үй кешенінде болған. 

"Үлкендердің қарауынсыз қалған 2015 жылғы ұл бала 16-қабаттан құлап, қаза тапты", — деп мәлімдеді баспасөз қызметі. 

ТЖК кішкентай бүлдіршіндерді көзден таса қылмауға, үйдің терезелерін ашық қалдырмауға, терезе жанына қандай да бір жиһаз қоймауға кеңес береді.