АСТАНА, 13 мамыр – Sputnik. Қостанай облысында 41 жастағы Виталий Романико жоғалып кетті, деп хабарлайды Alau.kz.
Қостанай оңтүстік бөлімінің полицейлері ер адамды екі аптадан бері іздеп жатыр.
"Туыстарының айтуынша, ол 28 сәуірде жұмысқа шыққан. Қазіргі таңда оның қайда жүргені белгісіз", — дейді Қостанай оңтүстік бөлімінің жедел уәкілі Абылайхан Құсайынов.
Белгілері: бойы 168-170 см; орта денелі. Үстінде сұр түсті күрте, қара трико, басында бейсболка, аяғында қара кроссовка болған.
Оны көрген-білгендер болса, мына телефон нөмірлеріне хабарласа алады: 8-702-492-99-92; 8-747-655-21-36; 52-68-50 немесе "102".