АСТАНА, 13 мамыр – Sputnik. Якутияның Сунтар ауылында кішкентай қыз кір жуғыш машинадағы суға батып көз жұмды. Тергеушілер тексеріс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды РИА Новости.
"11 мамыр күні тергеу органдарына Сунтар ауылында "Фея" маркалы кір жуғыш машинадағы суға бір жарым жасар қыздың батып кеткені туралы хабарлама түсті", — делінген өңірлік тергеу комитетінің ақпарында.
Тергеу мәліметінше, сол күні кешке сәбидің анасы кір жуып жатып, сыртқа шығып кеткен. Бір жарым жасар қызы тұрмыстық техника тұрған бөлмеде жалғыз қалыпты. Біраз уақыттан кейін бөлмеге қайтып оралған әйел машинаның суға толы багынан сәбиінің жансыз денесін көреді.
Қазір тексеріс аясында оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті шаралар жүргізіліп жатыр, оның қорытындысы бойынша тиісті шешім қабылданады.