АСТАНА, 12 мамыр – Sputnik. Алматы қаласында Тілендиев және Қарасай батыр көшелерінің қиылысында екі көлік соқтығысып қалды, деп хабарлайды құқық қорғау органдары Sputnik Қазақстанға.
Куәгерлердің айтуынша, DAEWOO Nexia көлігі Қарасай батыр көшесімен шығыс бағытта келе жатты. Жүргізуші "Жол бер" деген белгіні елемей немесе байқамай, қиылысқа шығып кетті, ол кезде Nissan Almero көлігі келе жатқан болатын.
Nissan көлігі тоқтап үлгермей, Nexia көлігін бүйірден соқты. Соққы салдарынан Nissan көлігі жолда шыр көбелек айналып, ал Nexia тротуарға шығып келіп, металл құбырға соғылды. Әрі қарай қиылыста орналасқан дүкенге соғыла жаздаған.
Жол апаты салдарынан төрт адам зардап шекті – үшеуі Nexia көлігінде, біреуі Almero көлігінде болған. Бәрі ауруханаға жатқызылды.