АСТАНА, 12 мамыр – Sputnik. Халықаралық іздеуде болған ер адам Украинадан Қазақстанға экстрадицияланды, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.
Қадағалау ведомствосының мәліметіне сүйенсек, Қайрат Оразбековты Бас прокуратура қызметкерлері Қазақстан Интерполымен бірге экстрадициялапты.
2016 жылы бір топ адаммен бірге алдын ала келісіп, ұрлық жасаған Оразбековты Астана ІІД іздестіріп жатқан болатын. Келтірілген шығын сомасы 23 миллион теңгеден асады.
Қылымыс жасағаннан кейін күдікті қашып кетіп, халықаралық іздеу салынған еді.
Қазір Оразбеков Астананың тергеу абақтысында отыр.