Оқиға

Шымкентте дәмхана өртеніп жатыр

Төтенше жағдай орнында өрт сөндірушілер жұмыс істеуде
Sputnik

АСТАНА, 11 мамыр – Sputnik. Шымкентте "Гараж" дәмханасы жанып жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Әлеуметтік желілерде куәгерлердің оқиға орнынан түсірген видеолары тарады.

"Шымкентте Республика даңғылындағы "Гараж" дәмханасы лапылдап жанып жатыр. ТЖ орнында өрт сөндірушілер жүр. Өрттің себебі әзірге белгісіз", — деп жазылған инстаграмдағы shymkent.online парақшасында.

ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұловтың мәліметінше, "Гараж" дәмханасындағы өрт түстен кейін, сағат 16:31-де басталған. Өрт аумағы анықталып жатыр. Екі адам құтқарылды. 

Төтенше жағдай орнында 65 өрт сөндіруші мен 20 техника жұмыс істеп жатыр. Өрт әлі толығымен сөндірілген жоқ.