Видео

Көлік жарысында ресейлік қатысушы 300 км/сағ жылдамдықпен келе жатып аударылды

Бельгиядағы марафонда ресейлік қатысушы Матевос Исаакянның көлігі аударылып қалды. Болид 300 км/сағ жылдамдықпен келе жатқан. Көрермендердің бірі оқиға видеосын Желіде жариялады
Sputnik

Абырой болғанда, жүргізуші зардап шекпепті. Исаакян F1news басылымына берген сұхбатында дәрігерлерге қаралғанын, жағдайы жақсы екенін айтты.

Оқиға себептері анықталып жатыр.