Өңірлер

Таразда тоғыз қабатты үйден өрт шықты

Өрт электр желісінің қысқаша тұйықталуы салдарынан болған
Sputnik

АСТАНА, 11 мамыр — Sputnik. Таразда тоғыз қабатты үйден өрт шығып, 38 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Қазақстанның төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің баспасөз қызметі.

Оралда өртке оранған үйде қалып қойған тұрғындар терезеден секірді

Ведомство мәліметінше, жұма күні 07.29-да төртінші қабаттағы ауданы бес шаршы метр қосалқы бөлмеде өрт шыққан.

"Құтқарушылар 3 адамды құтқарып, 38 адамды эвакуациялады, олардың 12-сі балалар", — делінген хабарламада.

Өрт 07.42-де ауыздықталып, 07.45-те сөндірілді. Бастапқы себебі – электр желісінің қысқаша тұйықталуы.