Видео

"Саяси тұтқындарға бостандық": Астанада рұқсат етілмеген митинг болды

Астанада Еуропалық одақ өкілдігінің ғимараты алдында бейсенбі күні таңертең "саяси тұтқындарға қолдау ретінде" рұқсат етілмеген митинг өтті. Оқиға орнына жеткен полиция акцияға қатысушыларды ұстай бастаған
Sputnik

Жиналғандар "Саяси тұтқындарға бостандық" деп үндеу тастады. "Азапқа жол жоқ" деп орыс және ағылшын тілдерінде жазылған плакаттар ұстаған.

Акцияға қатысушылар сағат 11.00-ден бастап жиналып, жарты сағатта саны 150 адамға жетті.

Митингіге қатысушылардың бірі Sputnik Қазақстан тілішісіне айтқандай, Еуропалық парламенттің ресми өкілдігіне хат табыстамақ екен.

Бір сағат ішінде ғимарат алдына полиция көліктері мен микроавтобустар жетті. Олар қатысушыларды ұстап, күштеп көлікке отырғыза бастаған.

Дәл осындай митинг бейсенбі күні Алматыда да өтті.

1 / 8
Астанада саяси тұтқындарға қолдау ретінде митинг өтті
2 / 8
Астанада саяси тұтқындарға қолдау ретінде митинг өтті
3 / 8
Астанада саяси тұтқындарға қолдау ретінде митинг өтті
4 / 8
Астанада саяси тұтқындарға қолдау ретінде митинг өтті
5 / 8
Астанада саяси тұтқындарға қолдау ретінде митинг өтті
6 / 8
Акция "в поддержку политзаключенных" в Астане
7 / 8
Астанада саяси тұтқындарға қолдау ретінде митинг өтті
8 / 8
Астанада саяси тұтқындарға қолдау ретінде митинг өтті