Өңірлер

Ақтөбеде 89 жастағы қария иіс тиіп, ауруханаға түсті

Ақтөбеде бес қабатты үйде өрт шығып, бір адам құтқарылды, төртеуі қауіпсіз жерге шығарылды
Sputnik

АСТАНА, 10 мамыр – Sputnik. Ақтөбеде бес қабатты үйде өрт шығып, бір адам зардап шекті, деп хабарлады төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі. 

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, сәрсенбі күні сағат 14-38-де төртінші қабаттағы пәтерде үш шаршы метр аумақта өрт шыққан. 

"Өрт сағат 14.58-де ауыздықталды. Төрт адам қауірпсіз жерге шығарылып, бір адам құтқарылды", — деп жазылған хабарламада. 

Иіс тиген 89 жастағы қарт әжей ауруханаға жатқызылды. 

Өрт электр сымдарының қысқа тұйықталуынан тұтануы мүмкін.