Спорт

Головкин мен Альварестің реваншы қашан болатыны анықталды

Жекпе-жек Мексиканың Тәуелсіздік күні қарсаңында өтуі мүмкін – сол күні бір жыл бұрын GGG – Канело кездесуі болған еді
Sputnik

АСТАНА, 9 мамыр — Sputnik. Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий GGG Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварестің қарымта жекпе-жегі 15 қыркүйекте болуы мүмкін.

Келесі аптада боксшылардың өкілдері кездесу ұйымдастырып, күзде болатын реваншты талқылайды, деп жазады ESPN Deportes.

Головкиннің экс-қарсыласы: "Ол адам емес!"

Кездесу болжам бойынша сенбі 15 қыркүйекте (Астана уақытымен 16 қыркүйекте) болды. Бірінші кездесу бір жыл бұрын дәл сол күні өткен еді.

Әуелі 5 мамырға белгіленген реванш Альварестің допинг-сынамасына қатысты шудан кейін болмай қалған.

Реванштан Головкин 20 миллион табыс табуы мүмкін.

Алайда, басылымның жазуынша, кездесу тағы болмай қалса, Головкиннің қарсыластары Джермейл Шарло (27-0, 21 KO), Билли Джо Сондерс (26-0, 12 KO), Сергей Деревянченко (12-0, 10 KO) немесе Деметрий Андраде (25-0, 16 KO) болуы мүмкін.